Бүгін мектебіміздің психологиялық қызмет мүшелері "Жасөспірімдердегі суицидтік мінез-құлықтың белгілері, себептері және әсер етуші факторлар" тақырыбында ата - аналар жиналысын өткізді. Мектеп психологі Тлеукабылова З.М, әлеуметтік педагог Сопанова А.А. суицид белгілері бар адамдардың мінез- құлықтары жайлы егжей-тегжейлі ақпарат берді. Сонымен қатар мереке қарсаңында көшеде, қоғамдық жерлерде құқықбұзушылықтың, қылмыстың алдын алу мақсатында инструктаж берілді, жадынамалар таратылды. Жаңа жыл мерекесі және қысқы демалыс уақытындағы қауіпсіздік ережелерімен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Каркошева Маржан Таймысовна таныстырды. Сонымен қатар аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Жакенов Азамат Кабдулович өрт қауіпсіздігі бойынша ақпарат беріп, алдын алу жұмыстарын жүргізді.
Новости
"Жасөспірімдердегі суицидтік мінез-құлықтың белгілері, себептері және әсер етуші факторлар" тақырыбында ата - аналар жиналысын өткізді.
Просмотров: 92





