Бастауыш буын апталығының іс шаралары жалғасуда. Бүгін "Ана тілің арың бұл..." тақырыбында ата - аналар жиналысы болды. Жиналыста ата-аналар мен ұстаздар пікір алмасу арқылы қазақ сыныбында оқитын балалардың ана тілін меңгеру деңгейі, тілді үйренудегі қиындықтары мен мүмкіндіктерін талқылады. Бұл кездесу бейресми, еркін атмосфера құру мақсатында "шай ішіп, ойланайық" фоматында өтті. Ата-аналар бұл проблема бойынша өз ой - пікірлерін ортаға салып, пайдалы ақыл-кеңестерімен бөлісті. Кездесу соңында әр ата-ана қорытынды ой түйіп, бірлесе жүк жеңіл деп, өз үлестерін қосатынын жеткізді.
Новости
"Ана тілің арың бұл..." тақырыбында ата - аналар жиналысы өтті.
Просмотров: 92





