КГУ "Бидаикская средняя школа"
Ресми интернет-ресурс

Отан отбасынан басталады

Previous Next
Бастауыш буынның "Отан отбасынан басталады" атты апталығының жоспарына сәйкес мектепте 1-4 сынып оқушыларының арасында "Менің Отаным-Қазақстан!" атты танымдық-патриоттық іс шара өтті. Оқушылар топтарға бөлініп, еліміздің тарихына саяхат жасады. Әр станцияда түрлі тарихи және маңызды оқиғалар жайлы мәлімет алды. "Болашаққа жол" станциясында ҚР рәміздері жайлы, "Табиғат сыйы" станциясында еліміздің байлығы мен сұлу жерлері туралы тапсырмалар, "Менің елім" - еліміздің белгілі тұлғалары, "Батырлар елі" - тарихи тұлғалар, " Ұлы Дала құпиялары" - халқымыздың салт - дәстүрлері бойынша көрініс тамашалады. Тапсырмалар оқушыларға қызықты және білім беретіндей ұйымдастырылды.Іс шара соңында белсенді оқушылар анықталып, жеңімпаз топтар марапатталды.
Записаться на прием